Лифт шахтасына құлаған құрылысшыға бірнеше ота жасалды
Құрылыс жүріп жатқан алаңдағы лифт шахтасына түсіп кеткен жігіттің жасы 38-де. Өндірістік жарақат алған жұмысшының жағдайы ауыр. Аураханада жатыр. Көпсалалы аурухана дәрігерлері оған бірден бірнеше ота жасады, қазір науқастың жағдайы орташа ауыр күйде,-дейді ақ халаттылар. Құрылыс алаңы облыстық "Нұр ғасыр" мешітіне жақын орналасқан. Жарақат алған жұмысшы сол жерде жөндеу жұмысын жүргізген құрылысшы көрінеді. Жедел -құтқару жасағы хабарлама түскен жерге 5 минут ішінде барып үлгерген. Ауыр жарақат алған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер қолдан келген ем-шараны жасап жатыр, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары.Количество показов: 335
Дата создания: 12.03.2024 22:39:49