Кимешек фестивалі өтті
Киімнің киелісі – кимешек. Талай ғасырлар тарихы бар ұлттық киіміздің арасында ойып тұрып орын алатын киімдердің ішіндегісінің бірі- кимешек. Бүгін қалалық мәдениет үйінде кимешектің мән-маңыздылығын насихаттайтын фестиваль өтті. Қатысушылардың жасында шек жоқ. Ақ жаулықты әжелер мен қоса жас аналар да дәстүрімізді қастерлеуге шақыратын фестивальге келген.Қатысушы Элеонора Омарованың айтуынша қазір кимешекке, ұлттық нақышта тігілген киімдерге сұраныс көп. Бұл әрине қуантады. Тек қана үлкен апалар мен әжелер емес, сонымен қатар жастар да ұлттық киімге тапсырыс беруде, деп бөліседі кейіпкеріміз. Кимешек әйелдің жас ерекшелігіне сай әшекейленеді. Кей дерекке сәйкес, кимешек өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін қазақ әйелдерінің тұрақты бас киімі болып саналды. Ол үшін ақ түс таңдалған, себебі әйел бас киімінің символикалық түсі ақ деген ұғым қалыптасқан.
Количество показов: 306
Дата создания: 19.03.2024 00:03:04