Көшет отырғызу науқаны басталды
Қыстай қар құрсауында жатқан жердің беті еріп, тоң жібіді. Тіршілікке қайта жан бітті. Енді жыл сайынғы дәстүрмен көктем айларында көшет отырғызу науқаны басталары сөзсіз. Айналаны тазартып, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу шаһар тұрғындарының үрдісіне айналған. Биыл орын алған табиғи апаттың салдарынан жеміс ағаштары мен теректердің бұталары қала базарларына сатылымға енді шығарылып жатыр.Сатушылар биыл жеміс ағаштарының кейбір түрлері аздау екенін айтады. Сондай-ақ көшеттердің бағасы біраз қымбаттаған. Былтыр 700-800 теңгеден сатылған шыбықтар биыл 1200 теңгеге дейін өскен. Қала тұрғындарының айтуынша еліміздің өзге өңірлерінен әкелінген көшеттерге қарағанда жергілікті бұталар жақсы өсіп, өнім береді. Себебі олар ауа-райына бейімделген. Атадан мал қалғанша тал қалсын, - деген қағиданы ұстанған елміз. Алайда, жасыл желекті сатып алып, отырғыза қою жеткіліксіз. Оның бабын келтіріп, күтімін жасауды да ұмытпаған жөн.
Количество показов: 334
Дата создания: 17.04.2024 04:52:09