Кіші жүздің бас биі
Шараға зиялы қауым, тарихшылар, студенттер мен тарихи тұлғаның ұрпағы жиналды. Әйтеке би Тәуке хан құрған Хан кеңесінің мүшесі болып, жыл сайын үш жүздің басшыларымен ең беделді адамдары бас қосатын Ордабасында, кейін Күлтөбе мен Ұлытауда өтетін құрылтайларға қатысып отырды. Онымен мемлекет қайраткерлері де, әскер басшылары да кеңескен.Араб, парсы, өзбек тілдерін жетік меңгерген дипломат пен шешендік өнердің иесі.
Ол- кіші жүздің атақты биі, мемлекет қайраткері, ұлы кемеңгер, қазақ мәдениеті мен тілінің қалыптасуына және дамуына зор үлесін қосқан тарихи тұлғалардың бірі. Шараның мақсаты да осы, бидің игі істерін насихаттау, бай мұрасын жастарға жеткізу. Кітапханашылар жастарға шараның берері мол,-деп отыр. Әйтеке бидің өсиеттері- тілімізді дамытуға, шешендік өнерді қалыптастырып, сөздік қорды байытуға зор ықпалын тигізері анық. Шара барысында «Әйтеке би-ұлт кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әйтеке би» бейнебаяны мен «Әйтеке бидің төрелігі» атты тақырыптық көрме көрсетілді.
Количество показов: 365
Дата создания: 13.03.2024 20:49:24