Кәсіпкер құқығы назарда
Сырлыбай Байғазин 2017 жылы Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылында кемпинг салып, жеке бизнесін бастайды. Өз кәсібін дөңгелетемін деген жеке кәсіпкер 2020 жылы кемпингті сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық - сметалық құжат әзірлеп, жоба қорғап, ауданға жолдайды. Артынша бүкіл ауылға су тартылғанымен кемпинг сусыз қалған. Қазір кемпингке суды ұңғымадан тасиды. Бүгінде Әйтеке би ауданының тұрғыны мәселені шешу мақсатында облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді.Кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты назарда. Бүгін облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында кезекті отырыс өтті. Жиында Сырлыбай Байғазиннің кәсібіне қатысты мәселе қаралды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында жеке кәсіпкердің кәсібіне көмек көрсету ұсынылды. Бұл мәселені мемлекеттік органдармен медиациялық тұрғыда шешу көзделді. Өз кезегінде Әйтеке би ауданының әкімдігіне кемпингті сумен қамту мәселесін ықтимал қаржыландыру және нысанды пайдалануға беру арқылы шешуге көмектесу ұсынылды.
Количество показов: 311
Дата создания: 19.03.2024 23:20:42