Көрісу мерекенің бастауы
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Халқымызда таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.Қаламыздың мәдени орындары мен ірі сауда нүктелерінде бүгін Наурыз мерекесін тойлауды бастады. Көрісу керуені алдымен Тұрғындар қалашығына аялдады. Мұнда қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-күйлерін шырқап, халықты керемет көңіл-күйге бөледі. Тұрғындар ортаға би билеп, бір-бірін Амал мерекесімен құттықтады.Жекпе-жек сарайының алды да бүгін Наурызды тойлаған халыққа толды. Бұл жерде аудан ақсақалдары мен ақжаулықты аналар жастарға бата беріп, тәлім-тәрбиелік мәні бар әңгіме айтты. Сарай алдында тігілген ағаш үйге тұрғындар жиналып, жайылған дастарханнан, көжеден ауыз тиіп, концертті тамашалады. Көрісу керуені кешкі сағат 17:00 де мерекелік кешті "Қазақ халқына мың алғыс" стелласының алдында концертпен жалғастырды. Қала тұрғындары театр қойылымы мен мерекелік концертті тамашалады.
Количество показов: 385
Дата создания: 15.03.2024 01:30:20