Білім саласы біліксіздерден қашан тазарады?
Өңірде аттестациялаудан өтпеген мектеп пен балабақша көп. Оған облыстық білім саласындағы бақылау департаменті жүргізген тексеріс дәлел. Мәселен, былтыр 125 білім беру ұйымы білім деңгейін анықтау сынағынан өте алмаған. Сабақ берудің әдістемесін жақсы білу бір басқа да, оны түрлендіріп, тақырыпқа, оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолдана білу мүлдем басқа. Білікті ұстаз ғана сапалы білім негізі. Өкінішке қарай, өңірде педагог кадрларға қатысты шикілік анықталды. Тексеріс барысында 75 мұғалімнің сапалық деңгейі төмен болып шыққан. Олардың арасында жалған сертификат сатып алғандары да бар. Педагогтар біліктілік тестінен өткенде ғана жұмысқа қабылдануы тиіс.Осы талап бойынша былтыр мектеп балабақша мұғалімдері сыналды. Аттестациялаудан тапсырғандардың 93 пайызы шекті балл жинмй алмаған. Олардың арасында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан педагогтар көп. Сынақтан өте алмаса да, жұмысын жалғастырып жүргендері анықталды.
Количество показов: 268
Дата создания: 15.03.2024 01:25:25