Аула клубтары арасында футболдан қалалық турнир өтіп жатыр
Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер арасында футболға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Іргедегі Ресейде өтіп жатқан мундиальға футбол жанкүйерлері жан-жақтан көз тігіп отыр. Балғындар Неймар, Роналду мен Месси сияқты "алтын" аяқты футболшы болуды армандайды. Осы орайда "Айгүл және К" аула клубы жаз бойы футболдан турнир өткізіп, балалардың жігерін жалындатпақ. Балалар ойын қызығына берілген. Алаңдағылар былғары доптың соңында. Көздегендері қарсыласының қақпасы. Ойынның тәртібі бұзылмауы керек. Ол жағын төреші бақылауда.
Аула командалары арасындағы футболдан жарыс күзге дейін жалғасады. Әзір қаланың әр ауданынан жиналған 5 команда кездесулер өткізіп жатыр. "Айгүл және К" аула клубы ақтөбелік балғындарды футболдан жарысқа қатысуға шақырады. Аула клубтары арасындағы турнир Әбілқайыр хан даңғылы №61Д мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің алаңында өтеді.
Количество показов: 1468
Дата создания: 10.07.2018 18:51:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>