Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарын дәрігер тексерді
Интернат тұрғындары салмақ өлшетті. Қан қысымын, қандағы қант мөлшерін анықтады. Көз, мұрын, құлақтарын тексертті. Қариялардың қан қысымы төмендеп кеткен. Бұл көктем мезгілімен байланысты болуы мүмкін. 14 наурыз алғыс айту мерекесі, және Рамазан айы болғандықтан жақсылық жасауға асыққан ақ халаттылар қарттарды қабылдап батасын алуға тырысуда. Алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қайта оралатынын хабарлады. Қарттар үйі. Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздер мен сарғайған сағынышқа толы. Интернат тұрғындарының ішінде мүгедектер бар. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері оларды жыл сайын медициналық тексерістен өткізуге міндетті.Количество показов: 354
Дата создания: 15.03.2024 01:27:57