Ақтөбенің ауасын кім ластап отыр?
Өңіріміздің экологиялық ахуалы мәз емес. Қоршаған ортаның бүлінуіне бірінші кезекте өнеркәсіп қалдықтарының көлемі көбейіп келе жатқаны теріс әсерін тигізуде. Ауаға таралатын лас қалдықтардың 75 пайызы ірі өнеркәсіп орындарының үлесінде. Оған автокөліктен бөлінетін зиянды заттарды қосыңыз. Облыста зиянды 93 кәсіпорын бар. Дені мұнай-газ, тау-кен мен ауыл шаруашылығы саласы. Қандыағаш қаласының тұрғындары қолқаны қабатын сасық иістен құтыла алмай отыр. Бұл мәселе жиырма жылдан бері шешімін таппаған. Әсіресе иісі өткір спирт зауытының зияны ұшан-теңіз. Облысымыздың бас экологы Қандыағаштағы экология мәселесі биыл шешімін табады, деп сендіруде. Спирт зауытына фильтр орнатылмақ. Былтыр экология департаменті 45 тексеріс жүргізді. Тексеріс кезінде 404 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал Елек өзенін тазарту бойынша, Алға ауданындағы бор зауытының кәріз суына сүзгі орнату қарастырылды.Количество показов: 298
Дата создания: 29.02.2024 23:41:15