Ақтөбеде жергілікті тауарларға сұраныс бар
Пресс тур "STALLIT" серіктестігінен басталды. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын 2009 жылы құрылған. 15 жылға жуық нарықта өз өнімін шығарып келеді. Темірден жасалған бұйымдарына сұраныс жоғары. Тапсырыс көп. Өнімдерін көрші облыстарға жөнелтіп отыр. Серіктестік 30 адамды жұмыспен тұрақты қамтып отыр. Олар екі аусымда жұмыс істейді. Облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері мен ергілікті БАҚ қатысты. Отандық өнім өндірушілердің жұмысына баға берді. Темірден жиһаз бен өзге де бұйымдар жасайтын кәсіпорынның батыс аймағында аналогы жоқ. Ғимарат арнайы құрылғылармен жабдықталған. Материалдық базасы жақсы. Бизнес өкілі болса алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, жұмысшылар санын көбейтпек. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламаларға қатыспақ.Количество показов: 282
Дата создания: 14.03.2024 06:27:49