Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб өз жұмысына кірісті
Былтырғы маусымдағы Қобда ауданындағы оқиғаны ешкім ұмыта қойған жоқ. Табиғи сипаттағы апат енді қайталанбауы тиіс. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік осы оқиғалардан сабақ алғандай. Дайындыққа кіріс кетті.Су тасқыны жағдайы күрделенген кезде ТЖД әкімдікпен бірлеседі. Бүгінде жалпы саны 1 638 адам, 350 бірлік техника, 66 бірлік жүзу құралдары, 232 мотопомпа азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайын. Елді мекендерді су басқан жағдайда эвакуацияланатын халықты қабылдау үшін 15 337 адам орналастыратындай 87 уақытша орналастыру орындары дайын. Қосымша 30 шатыр, 767 төсек-орын жабдықтары әзірленген. Әйтсе де, мамандар әзірге су тасқыны қаупі жоқ. Күндіз қар еріп, кешке қатып тұрғаны да қардың бірден еріп кетпеуіне ықпал етіп тұр,- дейді.
Количество показов: 444
Дата создания: 18.03.2024 23:56:36