Ақтөбеде алимент төлеуден жалтарып жүргендер көп
Ақтөбеде баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер көп. Баланың тәрбиесі оған қарап тұрмаса да, өз перзентіне қамқорлық жасаудан қашатындар бар. Сот орындаушылары безбүйрек әкелермен күресіп әлек. Бірі мекен-жайын жасырып, полиция арқылы іздеу жариялағанда ғана шықса, енді бірі жұмыс орны мен ресми айлығын көрсетпеуге тырысады. Екінші рет отбасын құрып, тұла бойы тұңғышын ұмыт қалдырғандар да жетерлік,-дейді мамандар. Бар ауыртпашылықты бұрынғы әйелінің мойнына асып қойып, өз жеке өмірімен айналысып кеткендер де аз емес. Бұл әр адамның құқығы. Дегенмен әкенің баласы алдындағы міндеті заңмен шегеленген. Заңгерлердің айтуынша, адимент төлемегендер сот шешімін орындамағаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, алимент төлемеген əкенің есепшотын бұғаттап, елден тысқары шығуы шектеледі. Сот шешімімен көлік жүргізуіне уақытша тыйым салынып, кейбірінің мініп жүрген темір тұлпарын сатқызып, қарызын төлеттіреді. Тіпті, борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, шартты мерзімге жауапкершілікке тартылғандар да бар. Биыл 112 баланың пайдасына жалпы сомасы 111 448 237 теңгеге алимент бойынша берешек өндірілді. 92 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 63і бес тәулікке қамалса, 29 ы айыппұл арқалады.Количество показов: 363
Дата создания: 19.03.2024 23:18:33