Ақтөбеде 20 жыл құжатсыз жүр
Алексей Андреянов Өзбекстан республикасының Самарқан қаласында дүниеге келген. 2 жасынан бастап жер ауыстырып, 90 жылдардан бастап Қазақстанға көшіп келеді. Ал, Ақтөбеде тұрып жатқанына 30 жылдай уақыт болған. Бірақ азаматтығы жоқ. Құжаттарын жоғалтып алған, ал жаңасын жасата алмай жүр. Көші-қон полициясындағылар көмектеспейді, -деп отыр. Ер адамның өңірімізде төлқұжатсыз жүргеніне 20 жылдан асқан. Әйтсе де, оның қалыпты өмір сүруіне кедергі болмапты. Құқық қорғау органдарына да барғанын айтады. 46 жастағы ер адам көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді. Мәселенің шешімін табу үшін, облыстық көші - қон қызметі басқармасына хабарластық. Ведомоство көмектесуге дайын. Бірақ бұл шаруа ұзақ уақыт алатыны анық. Алексей Андреянов көші-қон қызметіне келіп, арыз жазуы керек. Ондағылар ер адамның жеке басын растау үшін Өзбекстан мен Ресей елшіліктерімен байланыспақ. Жоғалған құжатының көшірмесін алдырту қажет. Кейін жаңа төлқұжат рәсімделеді.Количество показов: 347
Дата создания: 12.03.2024 00:54:26