Өңірде "Мигрант" іс-шарасы өтіп жатыр
"Мигрант" профилактикалық шарасы барысында 80 адам анықталды. Олар көші-қон заңдылығын бұзған шетел азаматтары. 60 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл іс-шара қоғамдық тәртіпті қадағалау, заңсыз көші-қонды ескерту, көшіп келушілердің, елде ұзақ уақыт заңсыз болатын адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібі қағидаларын бұзуды анықтау мақсаттарын көздейді.Ұсталғандардың біреуі ауыр қылмысы үшін іздеуде жүрген Өзбекстан республикасының азаматы. Ақтөбелік полицейлер оны өз еліне қайтару жолдарын қарастырып жатыр. Айта кетейік, "Мигрант" алдын-алу іс-шарасы 11-15 наурыз аралығында болады. Іс-шара аясында рейдтер мен тексерістер жалғасын табады.Количество показов: 311
Дата создания: 12.03.2024 22:42:21