Жырға айналған сұйытылған газ мәселесі
Қаламызда газ мәселесі жаз мезгілінен бастап тұрақталар емес. Жүргізушілерде кезекте тұрудан мезі болып, тіпті арнайылап WhatsApp желісінен группа ашыпты. Сол жерде бір-бірімізден газдың қай жерде бар екеінін және кезегіміздің жағындағанын сұрасып отырамыз, дейді. Себебі авто газ беру бекеттерінде 4 сағаттап та кезекте тұратындар бар екен. Айтса кетсек,Энергитика министрлігі шаһарымыз үшін қараша айына 13мың тонна газ бөлді.Дегенмен, аталған көлемнің 2404 тоннасы ғана қаламыздағы жанар май беттеріне жеткізілді.Сонымен қатар жергілікті зуыттардан қосымша 335 тонна газ жеткізілетінін мәлімдеді басқарма басшылары.Еске салсақ, қаламызға қазан айына 11мың тонна газ бөлінген болатын. Бұл қараша айына бөлінген газбен салыстырғанда көп мөлшерде. Алайда, мұнайлы өлкеде отынтапшылығының болуы мүмкін емес деп есептейді тұрғындар. Жүргізушілер мұндай бассыздық қашан бітеді деп налиды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, бүгінде Ақтөбе облысында газбен жабдықталған 53 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Ал өңірде 7 газ толтыру, 180-нен астам газ құю станциясы бар. Бүгінде газбен жүретін көлік саны артып келеді. Бірақ, қаламыздағы жанар жағармай бекеттері бұл көрсеткішті көтере алар емес.
Количество показов: 110
Дата создания: 05.11.2024 06:03:07