"Жылу берілгенімен, үй мұздай"
Тұрғындар қыс түспей дірдектей бастадық, үй жылымайды. Түнде пәтерімізге қону мүмкін емес, деп шағымданған болатын. "Бастама-3" тұрғын үй кооперативінің жұмысына да тұрғындардың көңілі толмай отыр. Қысы-жазы біздің арызымызға олар құлақ аспайды. Қызмет ақысын ғана алумен шектеледі, деп шағымданды пәтер иелері. «Aqtobe su-energy group» мекемесінің мамандары бүгін түстен кейін тұрғындардың шағымы бойынша үйді тексеруге келген. Олар келген бойда жылу толық беріле бастапты. «Aqtobe su-energy group» мамандары үйдегі жылу температурасының көтерілмеу себебін бірден анықтаған. Гришина көшесіндегі №64-ші үйдің 1-ші ғимаратындағы жертөледе екі сорғы жұмыс істеп тұрған. Сорғылардың жұмысын тоқтатқан бойда бұл үйге қалыпты деңгейде жылу тарай бастады.Количество показов: 202
Дата создания: 19.10.2024 06:12:28