Жылу, ауыз су, кәріз жүйесі қызметіне жаңа тариф бекітілді
Келер жылдан бастап қала тұрғындары үшін орташа есеппен жылу 20 пайызға, ауыз су 98, кәріз жүйесі қызметі 74 пайызға қымбаттады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті коммуналдық қызметтер түріне өзгертілген тарифтерді бекітті. "Трансэнерго" АҚ-ы соңғы рет қызмет ақысын 2010-жылы 20 пайызға өсірген. Негізінде "Трансэнерго" жылуды 72 пайызға қымбаттатуды сұраған болатын. "Ақбұлақ" болса ауыз суды 179 пайызға, кәріз жүйесі қызметін 97 пайызға өсіру ұсынысымен шыққан болатын. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі суды 98, кәріз жүйесі қызметін 74 пайызға қымбаттатса жетіп жатыр. Осыдан түсетін пайданың өзі акционерлік қоғамның шығынын жабуға әбден жеткілікті деген ұйғарымға келген. Қарапайым тұрғынның қалтасына шақталған тарифтер осындай. Негізгі салмақ заңды тұлғаларға түсіп тұр. Ірі кәсіпорын, өнеркәсіп, өндіріс орындары үшін белгіленген тарифтер әлдеқайда қымбат. |
Количество показов: 2655
Дата создания: 29.11.2012 18:35:49