Жемқорлыққа жол жоқ!
Тәуекелділік картасында қаралған істердің және шешімін тапқан істердің бірі -Ақтөбе Футбол клубының бұрынғы төрағасына қатысты. Яғни ол клубта қызмет атқарған уақытында, директорлар кеңесінің келісімінсіз, өзіне демеушілік қаражат есебінен 40 млн. 400 мың теңге аударған. Департамент жұмысымен бұл заңсыздық жойылып, қаражат кейін қайтарылды.Тәуекелділік картасында экология, жол және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, жер, бизнес, құрылыс, экономикалық және қаржы, апаттық тұрғын үй, агроөнеркәсіп кешені саласындағы жемқорлық жайлы айтылды. Мамандар коррупция кең етек жайған сала-білім саласы мен көліктік инспекциясы екенін тілге тиек етті. Әрбір мемлекеттік органның басты міндеті – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі міндеті - қылмыс жасауға ықпал ететін себептерді жою болып табылады. Аталған бағыттағы басты құрал - әлеуметтік зерттеулер, арыздар, қылмыстық істер мен құқықтық статистиканы талдау нәтижесінде әзірленген - Жемқорлық тәуекелдері картасы. Қанша жұмыстар жасалып жатса да, жемқорлық фактілері азаяр емес. Әйтсе де мониторинг жұмыстарын жалғастырамыз,-деді департаменттегілер.Количество показов: 216
Дата создания: 18.10.2024 06:10:59