Жауапты мекемелер қысқы жол күтіміне толық әзір
Биылғы қыста тоғыз мердігер компания жол тазарту жұмыстарымен айналысады. Жергілікті қазынадан осы мақсатқа 50 млн теңге қаражат бөлініпті. Ал көлік жолдарына қатқан мұзды еріту үшін Ресейден тұзды алмастыратын инертті материал "Биатон" сатып алынған. "Қыстың көзі - қырауда". Көлік қозғалысына кедергінің алдын - алу үшін жауапты мекеме өкілдері сақадай саймыз дейді. "Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің" сектор меңгерушісі Руслан Төреғалидың айтуынша, биылғы қыста жол күтіміне 9 мердігер компания жауап береді. Барлығы 200 техника облыс орталығына және қалаға іргелес ауылдардың жолдарын үнемі тазартып отыруға міндетті. Қар жиналған тас жолдарға тұз аралас құм себуді мамандар бастап кетті. Барлығы 50 тонна қоспа мен инертті материалдар осы мезгілге жеткілікті деп санайды сала мамандары. Сондай - ақ биыл Ресей өнімі "Биатон" Ақтөбе жолдарына алғаш пайдаланылмақ. Бұл тұздың орнына жүретін қосымша қоспа. Қыс жаңа басталғанымен, көктайғақ көлік иелеріне сезіле бастады. Осыған байланысты жауапты мекеме жұмысшылары арнайы техникаларымен тәулік бойы халыққа қызмет көрсетпек. |
Количество показов: 2546
Дата создания: 19.11.2012 18:18:05