Жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелестен 3 бала жараланған
2ші қазанда кешкілік 23 ші мектеп гимназиясы ауласында жүрген 10-11 ші сынып оқушыларына ересек балалар әлімжеттік жасайды. Зардап шеккен оқушылардың аналары ұрып соққан жігіттердің колледж студенттері екенін айтады. Алдымен қорқытып, соңында мектеп оқушыларын бірнеше жерден пышақтап кетеді. Пышақталған балалардың саны үшеу. Ал, ұсталғандар 7 бала. Мектеп оқушыларының аналары негізі жанжал шығарған топта 15 шақты студент болғанын айтады. Сол түні кешке 7 бала ұсталған, ал, қазір олардың үшеуі ғана қамауға алынды. Балаларды ұрып-соққандар жазадан құтылып кете ме қорқады ата-аналар. Ата-аналардың айтуынша балаларды соққыға жыққандар өздерін шалқарлықпыз деп таныстырған. Алдымен пышақ тақап, артынша бір баланың жамбасына қанжар сұғып алады. Ата-аналар тергеу ісі созылып кетті, деп налиды. Бүгін прокуратура ,ғимаратыранда ата-аналарды күтіп алған қалалық полиция бөлімінің басшысы ата-аналарға тергеу жалғасып жатқанын , қылмысқа барғандар анықталып, жазаланатынын айтты. Жаға ұсататарлық жағдайдан білім басқармасының басшылары да хабардар. Бірақ ата-аналар енді балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз дейді.Количество показов: 174
Дата создания: 22.10.2024 07:33:13