Жас шенеуніктер ант қабылдады
Бүгін қалалық әкімдік аппараты жаңа қызметкерлермен толықты. Тұңғыш рет тойланғалы тұрған президент күні қарсаңында 4 жас шенеунік мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге ант етті. Салтанатты шара кезінде мемлекеттік қызметтің ардагері ақ жол тілеп, батасын берді. Мемлекеттік қызметке қабылданған төртеудің де жасы 30-ға тола қоймаған. Бәрі де шенеуніктік қызметке алғаш қабылданып отырғандар. Байқаудан өткен соң, белгіленген лауазым бойынша міндетті атқарушы болып қызмет еткен. Ал антты екі ай арнайы тексеруден өткен соң ғана қабылдайды. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заң талабы сондай. Халықпен жұмыс істеп, шенеунік болу- оңай емес. Ұзақ уақыт бойы ауданды басқарған мемлекеттік қызметтің ардагері Ахат Мырзалин жастарға ағалық ақылын айтты. Дұрыс басшы болу үшін- халыққа жақын болыңдар деді. Бүгін ант қабылдаған төрт қызметкердің үшеуі-қала әкімі аппаратының бөлімдеріне бас, жетекші маман, ал біреуі- Жаңақоныс селолық округінің жетекші маманы қызметіне кірісті. |
Количество показов: 2237
Дата создания: 27.11.2012 18:59:30