Жаңа жылдық безендірулерге 10 млн теңге жұмсалмақ
Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Мерекенің басты белгісі- алғашқы шырша сулы-жасыл гүлзарға кіреберіске орнатылды. Қаланы мерекеге дайындау, безендіру жұмыстары бесінші желтоқсанда аяқталады. Жаңа жылда қала тұрғындары безендірілген елу шыршаны тамашалай алады. Негізгі төрт шыршаны орнатып, безендіруге қалалық қазынадан 10 млн теңге бөлініпті. Олар ҚР тұңғыш президенті атындағы саябаққа, облыстық әкімдіктің алдына, сулы-жасыл гүлзар мен халықаралық әуежай маңына қондырылады. Қалған шыршаны орнату кәсіпорын мен мекемелерге жүктелген. Сонымен қатар Әбілқайыр хан ескерткішінің маңындағы алаң мен бесінші шағын аудандағы көпір түнгі шамдармен безендіріледі. Желтоқсан мейрамға толы ай. Бұрын 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі болса, биылдан бастап қазақ күнтізбесі тағы бір мерекемен толықты. 1 желтоқсан- ҚР тұңғыш президенті күні болып бекітілді. Жаңа жылды әрбір адам ерекше көңіл күймен күтеді, дегенмен, мемлекет үшін маңызды мерекелер оның көлеңкесінде қалмайтынына сенімдіміз, дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Маржан Қорғанбаева. Жылда жаңа жыл қарсаңында ең үздік шырша орнатқан кәсіпорын, мекемелер анықталып, марапатталатын. Биыл ондай шара жоспарланбаған. |
Количество показов: 2664
Дата создания: 22.11.2012 18:59:04