Жүкті әйелдер үшін тұмауға қарсы вакцина алу уақыты ұзартылды
Тұмау дерті өршитін кезең басталғалы облыста бірде-бір тұрғын тұмауға шалдықпаған. Алайда, жедел респираторлы вирусты инфекцияны жұқтырғандар саны жетерлік. Пневманияның әсіресе жүкті әйелдер арасында таралуының алдын-алу үшін аяғы ауыр келіншектерге тұмауға қарсы вакцина алудың уақыты бірінші желтоқсанға дейін ұзартылды. №3 қалалық емхананың егілу кабинетінің алдында адам аяғы саябырлаған. Тұрғындар вакцинация маусымы басталысымен белсенділік танытып, екпелерін ертерек жасатса керек. Емханаға бөлінген тегін таратылатын 1 мың дана "Ваксигрипп" және "Инфлювак" вакциналарының 700 дозасы егіліп болыпты. Ал, ақылы салынатын 100 вакцинаны бүгінге дейін 61 адам алған. Дегенмен, дәрігерлер вакцина қабылдау мерзімінің 15-ші қарашаға дейін созылатынын еске салады. Жалпы, облыс бойынша үш түрлі вакцина 56 мыңнан астам адамға егілген. 25 мыңы - екпені тегін қабылады. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін алынған екпе екі аптаның ішінде денеге сіңіп, ағзада тұмауға бой бермейтін мықты иммунитет қалыптасады. Ал, вакцинадан бас тартқан тұрғын жедел респираторлы вирусты жұқтырып, тұмаумен сырқаттануға бейім келеді. Әзірге облыста тұмауратқан адам тіркелмеген. Бірақ, жедел респираторлы вирусты инфекцияны 2 мыңнан астам адам жұқтырған. Вирусты инфекцияға шалдыққан 19 адам ауруханада жатып емделді. Олардың арасында үш жүкті әйел мен бес бала бар. |
Количество показов: 2730
Дата создания: 05.11.2012 19:00:40