Әйтеке би ауданының әкімі есеп берді
Облысымыздың ауылдары мен аудан орталықтарына құйылатын қаражат бар. Ол қаражат- ауылдарды өркендетуге, халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту үшін. Ойыл ауданының әкімі 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша есеп берді. Ойыл ауданының бюджетіне салықтар мен төлемдер 756,7 млн.теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 127,0%-ды құрады. Бюджеттің 64,6 пайызы, яғни 7 223,7 млн теңгесі игерілді. дейді аудан әкімі. Ауданда халық саны жыл санап көбейіп келеді. Сондықтан әр аудан ауылдарына әлеуметтік нысандар, оның ішінде емхана, мектептер салынып жатыр. Бүгін кезекті брифингте Ойыл ауданының әкімі аудан да жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, осы жылдың қорытындысымен бөлісті. Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы екені белгілі. 2024 жылдың қазан айына дейін ауданда мал саны 41,9 мың бас ірі қара, қой-ешкі 133,8мың , 22 мың жылқы , 1мың түйені құрап отыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2024 жылға 99 жоба берілсе, қазіргі таңда 85 жоба шағын несие беріліп, 645,2 млн.тг бөлінді.Количество показов: 55
Дата создания: 19.11.2024 06:36:17