Тұрмыстық зорлыққа жол жоқ!
Ақтөбеде тұрмыстық жанжал азаяр емес. Отбасындағы зомбылықтан қашқандар үшін мына орталық пана. Қиын жағдайға тап болғандарға демеу бола алатындай халде. Тегін тамақ, киім-кешек те теріледі. Мұғалімдер мен психологтар балалармен жұмыс істейді. Орталық 50 адамға шақталған. Қазір мұнда күйеуінен тепкі көрген 19 нәзік жанды перзенттерімен тұрып жатыр. Тұрғындардың 15 і кәмелетке толмаған бала. Олар мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Енді балғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда мини спорт зал ашылды. Кітап оқып, танымдық кештер өткізуге co-working бөлмесі де бар. Мекеме ата-аналар мен балаларға ең бірінші психологиялық тұрғыда жәрдем етеді. Қиын жағдайға душар болған аналарды жұмыспен қамтуға көмектесіп, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастырады. Орталықтағы балалар қай жағынан да ешкімнен кем болмауы тиіс. Педагогтар білім берсе, психологтар жан жарақатын емдеуге барын салады. Орталықта тұрып жатқан бөбектердің арнайы графигі бар. Мәселен, мектептен келген соң, спортпен шұғылданып, шығармашылық пен де айналысуы тиіс. Бұл балалардың ойының бөлінуіне зор ықпал етеді. Қазір орталықта 38 маман жұмыс істейді.Қазіргі таңда орталықтың ең кіші тұрғыны 7 айлық нәресте, ал ең үлкені 14 жастағы жасөспірім. Бұл балғындар отбасындағы жанжалдың куәсі болуға мәжбүр болды. Ал олардың жан жарасын жазып, қоғамға бейімдеу мемлекеттің мақсаты,дейді мамандар. Енді мекеме мамандары әйел адамдарға арналған спорт зал ашуды жоспарлап отыр. Нәзік жандылар өз-өзін қорғай алуы тиіс.
Количество показов: 201
Дата создания: 17.10.2024 06:28:35