Тұрғын үй өрті көбейген
Шаһарымыздың қуыс-қуысында қуықтай күркелерде тіршілік етіп отырған көп балалы отбасылар көп. Олар да «Өз отын өшіргісі келмейді». Көп қабатты, коммуникациясы талапқа сай баспана алуға көбінің мүмкіндігі жоқ. Әсіресе, бау-бақша ұжымдарында тұрып жатқан қарашаға қиын. Біреуі газ балоны арқылы үйін қыздырса, бірі пеш жағады. Бір үйдің бірнеше баласын өрт жалмады, деген ақпаратты жылда естиміз. Аймақ басшысы мұндай жағдай Ақтөбеде қайталанбауы тиіс,-екендігін қадап айтты. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Салғырттық пен жауапсыздық. Жер үйлердегі өртке тұрғындардың немқұрайлығы себеп, дейді құтқарушылар.Пеші бар әрбір үйде арнайы датчик болуы қажет. Бұл құрылғы қымбат емес. Интернет дүкендерінде 4000 теңгеден басталады. Аппарат улы газды бірден анықтайды. Биыл мұндай құрылғы 5000 нан астам отбасыға тегін орнатылды. Облыс әкімдігі мен меценаттардың қолдауымен, дейді құтқарушылар.
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салады. Отқа жақын жерлерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге болмайды. Қатты суықта пештің қызып кетуіне жол бермеңіз, пеш пен оның айналасын мұқият бақылаңыз. Мұржаның бітеліп қалуы иіс тиюге әкеп соғуы мүмкін, оны 3 айда бір рет тазалау қажет. Газға қатысты барлық жұмысты білікті мамандар істеуі керек. Қандай да бір ақау байқалса, қазандықты сөндіріп, газ қызметіне хабарласыңыз,– дейді мамандар.
Количество показов: 92
Дата создания: 13.11.2024 06:47:00