Тұмаудан сақ болыңыз!
Қаламызда тұмауға қарсы екпе алу 15 қыркүйектен бері жалғасуда. Қазір жедел респираторлы вирус өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында. Жедел жәрдемге келіп түскен әр шақыртудың екіншісі-осы сырқатпен байланысты. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен іш өту симптомдар етек жайған. Грипп немесе тұмаудан қалай сақтануға болады?Ақтөбеде тұмау өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында. Тіпті еңбектеген баланы да бұл кесел айналып өтер емес. Дәрігерлер, тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы-вакцина,-деп дабыл қағуда. Екпе алу науқаны 15-қыркүйекте басталды биыл. Әлі де жалғасып жатыр. Әлеуметтік осал топтағылар үшін екпе тегін. Әр адам өзі бекітілген емханаға барып, вакцина салдыра алады. Бұдан бөлек, қарапайым гигиена сақтау маңызды. Ақ халаттылар қоғамдық жерлерге бармауға кеңес береді. Өйткені тұмау мен өзге де жедел вирусты респираторлы инфекция ауа тамшылары арқылы әп-сәтте жұғатын кесел.
Қаламызда вакциналау жұмыстары тоқтаған жоқ. Жүкті әйелдерге, мүгедек және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге екпе салу тегін. Мамандар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, деп отыр. Мәселен, кеңеседе отыратындар үнемі бөлмелерін желдетіп тұруы керек. Құнарлы тамақ, уақтылы ұйқыға жату, спортпен немесе к.нделікті физикалық жатығулар жасау-иммунитетіңізді көтеретіні анық. ауырған адамды бірден оқшаулаған абзал. Тұмау белгілері болды ма, бірден дәрігерге көрініңіз. Ал баланың дене қызуы көтерілсе бірден жедел жәрдем шақыруға құқылысыз.
Количество показов: 135
Дата создания: 06.11.2024 06:20:06