Студенттер арасында үздік аспаз анықталды
Мәзірді ұсыну, дастарқан жаю, қонақты күте білу-өнер. Оның қалыптасқан қағидаларын Ақтөбе кәсіби колледжінде меңгертеді. Бүгін оқу орнында облыстағы кәсіби оқу орындарында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығында білім алып жатқандар сайысты. "Өз ісінің кәсіби шебері" деген атаққа тоғыз студент таласты. Бәрі де- "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кәсіби колледждерде білім алып жатқандар. Облыстық байқауға Жайсаңдағы, Қандыағаштағы колледждің студенттері де қатысты. Бұл жастар саясаты басқармасының бірінші рет өткізіп отырған сайысы екендігіне қарамастан, үміткерлер үлкен дайындықпен келген. Байқауға қатысушылардың әрқайсысы барынша ерекшеленуге тырысып бақты. Оның себебі де түсінікті. Кәсіби шеберлік сынында олар атақ үшін ғана емес, болашақ жұмыс берушілердің назарына ілігуге мүмкіндік алды. Қазылар алқасының құрамында қаладағы ірі мейрамханалар мен дәмханалардың әкімшілері де бар. Олар өздеріне ұнаған студентті назарларынан тыс қалдырмады. Креатившіл, жаңашылдыққа жаны жақын аспаз- қай кезде де клиенттің көңілін табатыны белгілі дейді олар. Үш турдан да сүрінбей өткен Ислам Махашов бас жүлдені, "Үздік аспаз" атағын қанжығалады. Бірінші орын- кәсіби колледждің студенті-Ару Мұхамбетқалиеваға берілді. Екінші және үшінші орындарды Жайсаң көпсалалы колледжінің студенті Андрей Зубенко мен Ақтөбе көлік жолдары колледжінің студенті Әлия Тәжіғалиевалар бөлісті. |
Количество показов: 3046
Дата создания: 28.11.2012 18:26:41