Шилісайдағы фосфоритті ұн өндіретін зауыт мемлекеттен көмек сұрады
Шилісайдағы фосфоритті ұн өндіретін зауыттың жұмысы тұралап тұр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынған өндіріс ошағының жылдық қуаты жоспардағыдай емес. Мұның мәнісін білу үшін бүгін зауытқа "Нұр Отан" ХДП партиялық бақылау комитетінің өкілі арнайы барып, жағдаймен жеке танысты. Шилісай фосфоритті ұн өндіру зауыты 2010 жылдың желтоқсанында іске қосылған. Жылына 200 мың тонна тыңайтқыш өндіруі тиіс нысан екі жылдың ішінде небары 35 мың тонна өнім дайындады. Жоспарлы меженің 30 пайызы ғана. Демек, елдің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы ашылған өндіріс орны толық қуатымен жұмыс жасамай тұр. Зауыт басшысы сыр бүкпеді. Астанадан келген мейманға өндіріске мемлекеттің қолдауы қажет деп ашық айтты. Ең алдымен, егер үкімет шаруаларға тыңайтқышты пайдалануды міндеттесе, өнімнің нарықтағы қажеттілігі артар еді деді. Фосфоритті ұн шығаратын зауыттың елде баламасы да, бәсекелесі де жоқ. Өндіріс орнының басшылығы зауыт толық қуатымен жұмыс жасаса, отандық нарықты қамтамамыз етіп, Ресей мен Қытайға шығуды көздейді. Солтүстіктегі көршілер біздің тыңайтқышқа қазірдің өзінде қызығушық танытып отыр. Билік партиясының өкілі кәсіпкерге қолдан келгенше көмектесуге уәде етті. Өйткені, зауыттың өнімі халықаралық нарықта елдің атын шығарып қана қоймай, жергілікті тұрғындарға жұмыс береді. Партиялық бақылау комитетінің өкілдері Шилісайға апаратын жолдың жағдайына да қанықты. Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойы - өңірдегі ең қауіпті, көлік апаты жиі орын алатын аумақтардың бірі. |
Количество показов: 2565
Дата создания: 27.11.2012 18:59:59