Шалқар ауданында екі ауыл жабылды
Азық-түлігі мол ауыл. Бүгін Шалқар ауданының әкімі алғашқы тоғыз айды қорытындылады. Айтуынша, ауданда 624 шаруа қожалығы бар. Осы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы саласына 156 млн теңге инвестиция құйылған.Мүйізді қараның саны 62 мыңнан асады. 130 мың қой-ешкі, 16 800 түйе мен 62 100 жылқы тіркеулі. Әйтсе де, биыл ауданда екі ауыл жабылған. Себебі Алақозы мен Қоянқұлақ елді мекендерінде халық саны 50 ге жетпеген.
Облысымыздың қай түпкіріне барсаңыз да Шалқар көлі туралы білмейтін жан кемде кем. Жылдар бойы тазартылмаған таяз көл лайға айналған болатын. Судың азаюы тағы бар. Шалқар көлін құтқару операциясы жалғасып жатыр. Көлді тазарту жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс, дейді аудан басшысы.
Биыл Шалқар ауданының бюджетіне 3 млрд 985 млн теңге бөлінді, кіріс бөлігінің болжамды көрсеткіштері 121,8% орындалған. Аудан экономикасын дамыту перспективасында тау кен өнеркәсібіне тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібін дамыту бірнеше жылдардан бері мақсат болып қойылып келеді. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінде аздаған төмендеу байқалып отыр.
Айта кетейік, аудан орталығы Шалқар аласы. Ақтөбеден 365 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұндағы халық саны 27 952 адам. Ауданда 1 қала, 12 ауылдық округ пен 30 елді мекен бар. Оның ішінде 8 елді мекен-тірек, 7 елді мекен-спутниктік елді мекенге жатады, дейді аудан басшысы.
Количество показов: 148
Дата создания: 06.11.2024 06:22:28