Өсіп тұрған шыршаны кесуге тыйым салынады
Жаңа жылдың басты белгісі шыршаны кесуге былтырдан бері қатаң тыйым салынған. Сол себепті 2 мың гектарға жайылған Ойыл ауданындағы орман алқабынан қарағаш пен қарағай, сексеуіл, теректер себепсіз қыйылмайды. Ал, жаңа жыл жақындап қалғанда қаланың базарларын Ресейден келген шыршалар мен Қытайда жасалынған жасанды шыршалар толтыруда. Ақтөбе облысында 7 орман шаруашылығы бар. Аумағы шамамен 812 мың гектарға жетеді. Жыл сайын олардың қатарын толтыру үшін 500 гектарға жас тал-терек отырғызылады. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының дерегіне сәйкес, Ойыл ауданындағы орман шаруашылығында 2 мың гектарға жететін шырша өсіп тұр. Ақтөбеде екі жылдан бері шыршаны отауға қатаң тыйым салынған. Биылдыққа облыста тал-терек, ағаш кескен жеті адам ұсталыпты. Оларға 59 мың теңгеге айыппұл салынған. Шаруашылықтарда мамандар ағаштардың өсуіне кедергі болмас үшін бұтақтарын сиретіп, ауырған талдарға күтім көрсетеді. Барлық орман шаруашылықтарында қарауыл бар. |
Количество показов: 2541
Дата создания: 06.12.2012 20:08:54