Өрттен сақ болыңыз!
Жыл басталғалы 512 өрт тіркелген. Тілсіз жау 13 адамның өмірін жалмап, 12 адам жарақат алған. Келген шығында аз емес, 281 млн 813 мың теңгені құрайды. Мамандар барлық өрт жағдайларының 85 пайызына тұрғындардың өздері кінәлі, деп отыр. Осы орайда облыс аумағында ТЖД мен облыстық полиция департаменті бірлесіп "Өрт қауіпсіздік айлығы" Республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.Алда Тәуелсіздігіміз бен жаңа жыл мейрамы жақындап келеді.Төтеншеліктер осы орайда дабыл қағуда. Мейрам алдында адам өміріне қауіпті деректер көп тіркеледі дейді. Себебі -пиротехникалық бұйымдар мен отшашулардың маусымы. Тұрғындар кез-келген жерден сапасыз өнімді сатып алып, қауіпсіздік ережелеріне мән бермейді. Салдарынан денелерін күйік шалып, өрт те шығуы мүмкін.
Қолдан жасалған пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға мүлдем болмайды. Түрші отшашулар, фейерверктер, бенгал оттарын жаққыңыз келсе арнайы дүкендерден алыңыз. Сауда орнының сертификаты болуы тиіс. Сатушы кеңесін айтып, пайдалану жөнінде нұсқаулық беруі шарт. Мұндай дүниелердің де жарамдылық мерзімі бар. Сондай-ақ, корпус пен фитильдің ақаулары немесе зақымдануы бар өнімдерді қолдануға болмайтынын есте ұстаған жөн. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Қолда бар өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, өрт ошағын жою мүмкін болмаса, бөлмеден немесе ғимараттан шығып кеткен абзал.
Количество показов: 303
Дата создания: 13.12.2024 08:01:40