Президенттің жарлығымен 50 ге жуық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Бұл жолы лауазымды шенеуніктерге емес, қарапайым жұмысшылар мен ғалымдарға айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында қарапайым жұмысшылардың еңбегін назардан тыс қалдырмау керектігін айтқан болатын.Республика күні қарсаңында еңбегімен еленгендердің бірі Марат Балбеков. Бір ғасырдың жартысын жасаған азаматтың жастарға өнегесі мол. Өз ісінің һас шебері, ешқашан мансап қуған емес. Маңдай терімен тапқанына қанағат тұтып, абыроймен келеді. Марат Балбековтың кәсіпорында механизатор болып жұмыс істегенінен биыл 35ші жыл. Зейнетке дейін сүйікті кәсібіммен айналысамын, дейді жұмысшы. Бүгін ол еңбегінің нәтижесін көріп, төсіне "Еңбек даңқы" орденін тақты. Марапатталғандардың қатарында өндіріс, ауылшаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым саласының өкілдері бар. Ұлт болып ұйысқан, ынтымағы жарасқан ел болған Ақтөбе жұртшылығы талай ауқымды игі істерді тындырып, елімізді нығайтуға елеулі үлес қосуда.Бүгін Президенттің жарлығымен бірқатар ақтөбелік «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» , Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Парасат», «Құрмет»және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерін тақты. «Жауынгерлік ерлігі үшін» , «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдараны алғандар да бар.
Количество показов: 190
Дата создания: 25.10.2024 05:54:29