Орташа жалақы 16,9 пайызға артты
Облыстық статистика департаменті биыл ақтөбеліктердің орташа айлық жалақысы былтырғыдан 16, 9 пайызға артып, 94 мың 938 теңге құрағандығын мәлімдейді. Салаға бөлсек, ең жоғары жалақыны кәсіби ғылыми және техникалық қызметтегілер алып отыр. Оның көлемі орташа есеппен 149 мың 746 теңге. Көлік саласындағылар одан кейінгі орында. Автокөліктің тілін білетіндер кәсіби ғылыми қызметкерлер мен техниктерден жалақыны 500-ақ теңгеге кем алады. Дәрігерлерге 75 мың теңгенің, мұғалімдерге 70 мың теңгенің көлемінде еңбекақы тиесілі. Соның ішінде мемлекетке емес жеке кәсіпорынға жұмыс істеген тиімді болып тұр қазір. Жекеменшік субъектіде жұмыс жасайтын адам орташа есеппен айына 88 мың теңге жалақы алады. Ал мемлекеттік қызметкердің бір айлық жалақысы 64 мың теңге. Ешқандай кәсіби біліктілігі жоқ қара жұмысшы 38 мың теңгеге дейін жалақы алады екен. Ал былтырғы есеп бойынша барлық деңгейдегі басшылардың қалтасына айына 176 мың теңгеден жоғары жалақы түсіп отырады. Аудандар арасында ең жоғары жалақы хромтаулықтарда. Ал ойылдықтар қолдарына тигенге қанағат етуде. |
Количество показов: 2461
Дата создания: 23.10.2012 11:53:18