Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орал және Ақтөбе архиепископы Антонимен кездесті. Құрметті мейман алдымен Ақтөбе халқын алдағы келе жатқан иісі мұсылман қауымының ұлы мейрамы Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Одан әрі архиепископ Антоний өңір басшысына Орыс Православ шіркеуінің арнайы медалін табыстады. Орал және Ақтөбе архиепископы Антонидің Ақтөбе жеріне аяқ басуы христиан дінінің қазақ жерінде өркен жаюының 140 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Әкімге тағылған төс белгі де осы айтулы датаның құрметіне орайластырылған. Осыған дейін Орал және Ақтөбе архиепископы Орал және Гурьев архиепископы атағын иемденіп келген болатын. Алайда өңіріміздегі соңғы жылдары православ дінінің кең қанат жайып өркендеуіне байланысты бұл атақ Орал және Ақтөбе архиепископы болып өзгерді. Мұндай деңгейге ақтөбелік православтықтар аймақ басшыларының нақты атқарған іс-шараларының арқасында қол жеткізіп отыр. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов те өз кезегінде Орал және Ақтөбе архиепископы Антониге алғысын білдірді. Қонақтың қолынан төс белгі алған облыс әкімі де қарап қалмады. Сыйға сый дегендей құрметті қонаққа әзірлеген сыйлығын тарту етті. |
Количество показов: 2414
Дата создания: 23.10.2012 11:53:51