Орақ Сарбөпеевке шығарылған үкім өзгеріссіз қалды
Ақтөбе облыстық сотының аппеляциялық алқасы Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің шағымын қанағаттандырмады. Аппеляциялық алқаның үкімін бүгін облыстық сот отырысында судья Дәмеш Әбдәлі жария етті. Оған сәйкес, Сарбөпеевтің жазасы өзгерген жоқ. Ол бұрынғысынша он жылға бас бостандығынан айырылды. Тек оның тұтқынға алынған мүліктеріне қатысты шешім өзгертілді. Сарбөпеевтің атына рәсімделген дүние-мүлік қана тәркіленетін болды. Орақ Сарбөпеевтің алты айдың ішінде кассациялық сот алқасына шағымдануға мүмкіндігі бар. Естеріңізге сала кетсек Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі қыркүйектің 25-сі күні он жылға сотталды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. |
Количество показов: 2453
Дата создания: 31.10.2012 19:05:05