Қолжетімді баспана үшін арыз қабылдау аяқталды
Ақтөбеде "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерден пәтер алуға ниетті тұрғындардан арыз қабылдау аяқталды. "Нұр Ақтөбе" ауданында бой көтерген тоғыз қабатты екі үйде 607 пәтер бар. Қыркүйек пен қараша айларының аралығында 600 адам арыз тапсырған. 457 пәтер үшін арыздар мақұлданды. Қазір тізімді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" тексеріп жатыр. Қарашаның отызы күні тізім белгілі болған соң банк бес күн ішінде арыз иелеріне хабарландырулар таратады. Ол бойынша салымшылар отыз күннің ішінде өздерінің құжаттарын тапсыруы тиіс. Бір ескеретін жайт - пәтер бөлу кезінде тізімдегілер міндетті түрде келуі тиіс. Артылып қалған 150 пәтердің бесеуі екі бөлмелі. Қалғандары үш бөлмелі. Банк басшысының айтуынша төлем қабілетін тексеру кезінде көбісінің мүмкіндігі жетпейді. Пәтерлердің өтпеуіне сол себеп. Дегенмен 28-қарашадан желтоқсанның 28-не дейін қосымша арыздар қабылданбақ. 150 пәтердің тағдыры сосын шешіледі. Жаңа жылға дейін бұл пәтерлер де сатылып кетеді деп жоспарланып отыр. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшыларына сатылатын пәтерлердің бір шаршы метрі 90 мың теңге тұрады. Ал баспананы жалға беру келесі жылдан басталады. |
Количество показов: 2928
Дата создания: 23.11.2012 18:57:25