Облыста 200 жалғызбасты әке бар
Облыста 200-ден аса жалғыз басты әке бар. Бұл есепке алынған мәліметтер ғана. Марат Ниязов- жалғыз басты әке. 11 жылдан бері екі ұлын өзі тәрбиелеп келеді. Жастары 16 мен 14-ке келген қос ұлын екі жыл бұрын қалалық аз қамтылған отбасы балаларын тәрбиелейтін мектеп-интернатқа орналастырыпты. Қазір Наурыз бен Жеңіс әкесімен тек демалыс уақыттарында кездеседі. Өзінің айтуынша, қалада 18 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрған. Осыдан екі жыл бұрын "Увд-3" бау-бақша ұжымына қарауыл болып жұмысқа орналасып, мына жертөледе тегін тұрақтап қалған. Мұнда оларға басшылық жыл сайын 2 тонна көмірді тегін береді, жарық үшін де ақы төлемейді. "Жалғыз басты әке" атанған Марат әйелі балаларын тастап кеткен 2002 жылдан бері жәрдемақы да алмаған. Осы 11 жылдың ішінде мемлекеттік мекемелерге көмек сұрап бармаған да. Елімізде жалғыз басты әкелерге заң бойынша ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Бірақ, толық емес отбасының балаларына бірқатар көмектер бар. Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Шәмшә Сайлагиеваның айтуынша, оларды "жалғыз басты әке" деп атауға болмайды, себебі ең бастысы олардың балалары қасында деп мәлімдеді. Ал Ақтөбеде 5 мыңға жуық жалғыз басты ана бар. Олар күйеулерінен заң бойынша көмек алып тұрады. |
Количество показов: 2887
Дата создания: 06.11.2012 19:30:31