Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Ұлттық идеясыз-идеология жоқ. Аймақ басшысының атқа мінерлерді дөңгелек үстел басына жинауының себебі де осы. Отырыс барысында әкім бірнеше сала қызметкерлерінің айтар уәждерін тыңдап, ұсыныстарын талқылады.Отырыс барысында жазушылар одағының өкілдері де үнсіз қалмады. Көктемгі су тасқыны салдарынан шегерілген мәдени іс шараларды қайта жандандыруды сұрап, форумдар мен ақын-жазушылардың 100 жылдық мерей тойларын кең көлемде атап өтуге ұсыныс білдірді. Көркем әдебиет адамның жан дүниесіне әсер ететін ерекше өнер. Аймақ басшысы шығармашылық адамдарын тыңдап, қала мен ауыл мәдениетіне ерекше назар аударды.
Количество показов: 204
Дата создания: 18.10.2024 06:07:54