Облыс әкімі А. Мұхамбетов "Нұр Отан" ХДП АОФ төрағасы болып сайланды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Нұр Отан" ХДП АОФ төрағасы болып сайланды. Бұл бүгінгі өткен облыстық партия филиалының 14-ші есеп беру-сайлау конференциясында белгілі болды. Төрағалықты Архимед Мұхамбетовке тапсырмас бұрын Балғали Ордабаев атқарылған істерге есеп берді. Бүгінде "Нұр Отан" партиясы жер-жерде "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламасын таныстыру, түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Облыста 245 үгіт-насихат тобы бар. 2011-12 жылдары қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, халықтан 1650 арыз бен өтініш, ұсыныстар түскен. Соның 1402-сі оң шешімін тапты делінді есепте. Әр басқарманың бірінші басшыларына қоғамдық қабылдауға жеке қатысу жүктеліп отыр. Бақылау-тексеру комиссиясы мен саяси кеңес атқарған жұмыстар да қорытындыланды. Жаңа төрағамен жұмысты әрі қарай жалғастыратын облыстық филиалға жүктеліп отырған міндет көп. Ең бастысы елбасы саясатын үгіттеуді үзбей, жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің тиісті деңгейде орындалуын үнемі қадағалау. Өңіріміздегі "нұр отандықтар " саны бүгінде 36 мың 375 адамды құрайды. Олардың жасы, санаты, білімі, қызмет атқарып жатқан саласы сан түрлі. Неге екені белгісіз партия қатарында ауыл шарашылығы саласының мамандары өте аз. |
Количество показов: 2469
Дата создания: 04.12.2012 19:12:12