Қоғамдық орындарда кальян шегетіндерге шара қолданыла бастады
Тәртіп сақшылары қаладағы қоғамдық орындарды жиі тексере бастады. Осындай бір реттік тексерудің өзінде полиция 18 кальян тәркілеген.Бұл қаладағы танымал демалыс орталықтарының бірі. Орталықта алаңсыз кальян шегіп отырғандар полиция қолын түсті. Тәртіп сақшылары бір түнде шахардағы бірнеше демалыс орындарын, дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын аралып шығыпты. Нәтижесінде оннан астам жерден кальян шагушілерді тауып алған. 18 кальян тәркіленді. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде демалыс орталықтарының 4 әкімшілік қызметкері мен калян шегіп қолға түскен 7 қала тұрғынына айыппұл салыныпты. Айыппұл мөлшері 600 мың теңгеден асады. Полиция қызметкерлері мұндай тексерулер әлі де жалғасатынын жеткізді. Денсаулыққа зиян заттарды пайдаланғандарға нақты шара қолданылатын болады.Количество показов: 60
Дата создания: 20.11.2024 06:35:53