Максим Туман есін жиды
Балалар ауруханасынан жақсы хабар. 14 жастағы жеткіншек Максим Туман есін жиды. Дәрігерлер бүгін оны жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырды. Енді ол қалыпты палатада ем қабылдайды. "Шағала" бассейнінде жарақат алған бала бір айдай уақыт жедел жәрдем аурухасында ес-түссіз халде жатқан еді. Ауыр жағдайдағы Максим қарашаның 20-да Оңтүстік-батыс ауданындағы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылған. Мұнда да біраз уақыт комада жатқан бала соңғы бір аптада есін жиып, өзіне келе бастады. Бүгін таңертең дәрігерлер Максимды жансақтау бөлімінен неврология бөліміне көшірді. Бесінші палатаға жайғастырылған жеткіншектің жанында енді үнемі анасы жүріп, өзі күтім жасайды. Максим қазір өте әлсіз. Бірақ, емдеуші дәрігерлерінің айтуынша, оның тамыр соғысы мен қан қысымы дұрысталған. Ол айналадағы адамдарды, анасын тани бастады. Аты-жөнін біледі. Айтылған сөзді түсінеді. Аздап тамақтанып та жүр. Жеткіншекті енді уақыт қана емдейді. |
Количество показов: 2562
Дата создания: 04.12.2012 19:13:38