Кибер алаяқтардан сақ болыңыз!
Сәлеметсіз бе?! Мен қалалық полицияның тергеу бөлімінен хабарласып тұрмын. Сізге жеке басыңызға төнген қауіптің алдын алу мақсатында телефон соғып тұрмын. Тұтқаның ар жағынан осы сөздерді естесеңіз, дереу тұтқаны қойыңыз. Бұл-кибер алаяқ. «Полиция», «тергеуші» деген сөздерді естігенде кез келген адамның алғашында абдырап қалатыны даусыз. Оның үстіне әлеуметтік желі арқылы сіз туралы бүкіл мәліметке қол жеткізіп алып, телефонның ар жағынан «жанашырлық» танытып отырған «ішкі істер органының қызметкеріне» деген сенімнің қылаң беретіні де анық. Телефон алаяқтарының құрығына түсу осындай тілдесуден басталады, дейді инспектор. Күнделікті өмірімізді ақпараттық технологиясыз елестету қиын.Бұл жетістіктер-кибер-қылмысқа да жол ашты. Оның ішінде интернет алаяқтары гүрлеп тұр. Әккілер қарапайым халықтың сеніміне кірудің сан-түрлі тәсілін құбылтып, ақыр соңында олардың қаражатына қол сұғып, көпе көрінеу орасан ұрлық жасап жүр. Ал соңғы кезде құрбандарына ұялы телефон операторы ретінде хабарласып та жүр. Тосыннан соғылған телефон қоңырауына иланып, қаржылық тұзаққа түсіп қалмаңыз. Полицейлердің айтары осы. Мұндай сәтте, ең дұрысы, әңгімені созбай, телефонды бірден сөндіре салған абзал.Количество показов: 90
Дата создания: 14.11.2024 06:17:06