"Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша мемлекеттік компаниялар акцияларын сатылымға шығаруға дайын
Бүгін "Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша "Нұр отан"ХДП АФ ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Алпауыт компаниялардың акциясын сатып алып, табыс табуды көздегендер бүгін мамандардан кеңес алды. Қажетті ақпараттар берілді. Қазіргі таңда облыс бойынша "Халықтық ІРО" бағдарламасына қызығушылық танытқандар саны 300 -ден асады. “Халықтық IPO” бағдарламасы “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-ның құрамына кіретін бірнеше ұлттық компанияның акцияларын отандық қор биржасы арқылы бұқараға сату жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Бұдан, біріншіден, компанияның әлеуеті артса, екіншіден, оның бағалы қағаздарына ие болған әр адам үшін жаңа табыс көзі. Мамандардың мәлімдеуінше, акцияны балаларының болашағын ойлайтын ата - аналардың сатып алуына болады. Ал кіріс көлемі бір жылдан соң белгілі болады. Анығы 1 адамға 7 млн. теңгеге дейін акция сатып алуға мүмкіндік беріледі. “Халықтық ІРО” бағдарламасы бойынша биылдан бастап акциялары жалпы сатылымға шығарылатын компаниялардың тізімі бекітілген. Ең алдымен “ҚазТрансОйл” АҚ, “KEGOC” АҚ, “Air Astana” АҚ кіріседі. 2013 - тен бастап “ҚазТрансГаз” АҚ, “Самұрық-Энерго” АҚ, "Қазтеңізкөлік-флоты” АҚ. Ал 2014 - жылы “Қазақстан темір жолы” мен “Қазтеміртранс” АҚ-дары акцияларын саудаға шығарады. |
Количество показов: 2405
Дата создания: 02.11.2012 18:58:23