Кәсіпкерлер білімін жетілдірді
Бүгін ақтөбелік компаниялардың басшылары бизнестің құпияларын меңгерді. Қарапайым өнімді брендке айналдыру үшін не істеу керек? "Ақылды жалақының" артықшылығы неде?" деген сауалдарға жауап алды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырған бизнес-тренинг үдемелі-индустриалды инновациялық бағдарлама шеңберінде өткізілді. Тренингке 15 компанияның менеджерлері қатысып жатыр. Лектор Айжан Дүйсебаева кәсіпкерлерге әйгілі Стив Джобстың бизнестегі жолын мысалға ала отырып, дәріс оқыды. Сату, маркетинг, тайм менеджмент, топпен жұмыс істеу секілді ұғымдарға тоқталды. Бизнесте "жоқ" деп айтудың маңызын түсіндірді. Семинар екі күнге жоспарланған. Теориялық дәрістен соң пікірталас, пікір алмасу өтеді. |
Количество показов: 2337
Дата создания: 11.12.2012 18:58:16