Күнкөрісі төмен, жұмыссыз 56 отбасы ауылдан қалаға көшіріледі
Жыл аяғына дейін 56 отбасы "Батыс -2" ауданынан бой көтерген тұрғын үйлерге көшірілмек. Бұл "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асқалы тұрған игі іс. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 5-8 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген. Тұрмысы төмен отбасыларды ауылдан қалаға жаппай көшірудің қаншалықты тиімді болатындығын мамандар дөп басып айта алмайды. Әзірше жеті ауданға қарасты шалғай ауылдардың жағдайы мүшкіл деп танылды. Ондағы тұрғындар төрт түлік мал асырамақ тұрмақ, күнкөрістері қиындап кеткен. Аудан орталықтарындағы мамандармен хабарласып, әр жанұя мүшелері туралы мәлімет жинау қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жүктелді. Мамандар мойнындағы тағы бір үлкен міндет- осы 56 отбасының жан - жаққа шашырап, қалада үйсіз - күйсіз, жұмыссыз қалмауын қадағалау. |
Количество показов: 2258
Дата создания: 09.11.2012 18:18:29