Доңғалақ ауыстырдыңыз ба?
Ақтөбеліктер көліктерінің доңғалақтарын 1 желтоқсанға дейін ауыстырып үлгеруі керек әйтпесе, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Осы орайда полицейліктер дабыл қағуда. Жазғы жоңғалағын маусымдық дөңгелекке уақытылы ауыстырмаған жүргізушілердің кесірінен жол-көлік оқиғасы көп кездеседі, дейді инспектор.Бүгін ақ ұлпамен арпалысып жүргізушілер көліктерінің "аяқ киімін" ауыстыруға келген. Сервис орталығына таңмен таласа келдік, дейді олар. Біреуі вахталық қызметінен енді оралып, маңызды іске кеш кіріскенін айтса, енді бірі қыстың ауылы ерте, деп ойлағанын айтады. Айта кетейік, доңғалақ ауыстыру орталықтарында қазір жұмыс қызып тұр. Мамандар маусымдық қызметінің құнын да өсіріп жіберген, дейді көлік жүргізушілері. Қыстың қызығы енді басталады. Боранды күндері жолда тұрып қалу, машинаның оталмауы, көктайғақ. Осы орайда жол сақшылары қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға шақырады. Жол қателікті кешірмейді. Слндықтан жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де абай болу керек. Жылдамдықты шамадан асырмай, асықпай, жан-жағыңызға қарап, өзге де жол қатысушыларын сыйлау-үлкен мәдениет екенін алға тартады мамандар. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірімізде 968 жол апаты болған. Одан 1366 адам жарақат алып, 137 адам қаза тапты.Количество показов: 97
Дата создания: 15.11.2024 05:32:30