Дүние аналармен көрікті
Өз шаңырағының ұйытқысы, берекесі болып, халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқан аналар Ақтөбеде жетерлік. Бүгінгі шараға жиналған аналардың дені 30 бен 50 жас аралығында. "Балаларым байлығым", деген көп балалы аналар бүгін ерекше құрметке ие болды. Мереке қарсаңында құрметке ие болғандардың бірі-Мейрамгүл Дүйсенбаева. Алтын құрсақты ананың алты баласы бар. Біреуі 1-топтағы мүгедек. Әйтсе де қайсар ана шаршадым деуге жоқ. Мемлекет ұсынған кез-келген мүмкіндікті қалт жібермеймін, дейді ол. Мейрамгүл бүгін күмістен алқа тақты. Жасы 40 қа толмаған әйел "Әр баланың несібесі бар",-деп есептейді. Өзі де көп балалы отбасында дүниеге келген. Тоғыз аағайындымыз, деп бөліседі кейіпкеріміз. Бүгінгі шара барысында "Астана" ауданының әкімдігі 12 анаға күміс алқа тақты. Сондай-ақ, ауданның белсенді нәзік жандылары марапатталды. Олардың ішінде қайырымдылық шараларымен айналысып жүиргендері де жоқ емес. Шара мерекелік концертке ұласты.Количество показов: 314
Дата создания: 04.03.2024 23:55:14