Діни ахуалға қатысты семинар-кеңес басталды
"Нұр Отан" ХДП АОФ мәжіліс залына бүгін жер-жерден келген үкіметтік емес ұйым, діни бірлестік өкілдері, ғалымдар мен теологтар, қоғам қайраткерлері жиналды. Өңірімізде іссапармен жүрген ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева да бар араларында. Талқыға түскен тақырып "Елдегі діни ахуал". Семинар-кеңестің басқа жерде емес, батыстың орталығы болып саналатын Ақтөбеде өтуінде де үлкен мән жатқанын ішіміз біледі. Рас, жаңылысқан жастары Атырау мен Ақтөбенің жаман атын жұртқа танытты. Лаңкестік турасында әңгіме қозғалса өңіріміз "мысқыл" мысалға айналып шыға келеді. Өйткені батыста орын алған оқиғалар елде лаңкестердің бар екенін мойындатты. Қазақстан халқының 70 пайызы ислам дінін ұстанады. Және басым бөлігі Ханафи мәсхабына сүйенетін сүнеттер екен. Шиіттер мен сопылар да бар арамызда. Семинар-кеңестің өтуіне ұйытқы болған ҚР Дін істері агенттігі, облыстық әкімдік, "Жарық" ақпараттық-кеңес беру орталығы. Олар бірігіп, өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді қолға алмақшы. Сондай-ақ 2017-ші жылы болғалы жатқан ЭКСПО көрмесі секілді ең ірі халықаралық оқиға алдында елдегі діни ахуалды реттеуге үлес қосу да бүгін бас қосқандардың борышы. |
Количество показов: 2129
Дата создания: 26.11.2012 18:58:29